Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Парижде Қазақстанның қос дзюдошысы өзбек балуаны Шахрам Ахадовтан жеңіліп қалған

04.02.2024, 01:04

Үшінші дзюдошымыз өзбекстандық басқа балуаннан жеңілді

Парижде Қазақстанның қос дзюдошысы өзбек балуаны Шахрам Ахадовтан жеңіліп қалған
Olympic.uz

Дзюдодан Париж Гранд Слэміне қатысқан Қазақстан спортшылары жарыстың екінші күнінде тағы жүлдесіз қалды. Бүгін күрескен Қазақстан балуандары арасында тек 73 келіде Данияр Шамшаев қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған болатын.

Ол үшінші орын үшін өзбек дзюдошысы Шахрам Ахадовпен күресіп, голден скорда ескертумен (шидо) ұтылды. Осылайша Шамшаев турнирді бесінші орынмен аяқтап, 260 ұпай еншіледі.

Дәл осы салмақта жарыстың екінші күнінде татамиге шыққан Асқар Нарқұлов алғашқы кездесуінде бос болды. Ал екінші айналымда  кипрлық Андрей Киприаноспен белдесіп, жеңіске жетті. Алайда, үшінші айналымда Шамшаевты жеңген өзбек балуаны Шахрам Ахадовтан өте алмады.

Сондай-ақ, 81 келіде ел намысын қорғайтын Руслан Мұсаев бірінші кездесуінде өзбекстандық Мұса Собировке есе жіберді. Бұл салмақта күрескен тағы бір отандасымыз Абылайхан Жұбаназар жарысты 7-орынмен аяқтады. Ширек финалға дейін үш белдесуде жеңіске жеткен ол жартылай финалға жолдама беретін белдесуде бельгиялық Маттиас Кассеге жол берді. Ал жұбаныш белдесуінде молдовалық Михаил Латисевтен айналасын асыра алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам