Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Нұрлыхан Шархан Париж Гранд Слэмінің жартылай финалына шықты

04.02.2024, 16:48

Тағы бір қазақ балуаны Ерасыл Қажыбаев жартылай финалға шығу үшін жапон балуанымен күреседі

Нұрлыхан Шархан Париж Гранд Слэмінің жартылай финалына шықты
olympic.kz

Қазақстан дзюдошысы Шархан Нұрлыхан Париж Гранд Слэмінің жартылай финалына шықты. Ол -100 келіде үш кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. 

Отандасымыз алғашқы айналымда бос болып, жарысты екінші кезеңнен бастады. АҚШ спортшысын ұтқан Шархан ширек финалға шығар сында Нидерланд балуаны, танымал дзюдошы Михаель Коррелді ұтты. Ал ширек финалда сербиялық Александр Куколжды қосымша уақытта вазари ұпайымен қапы қалдырды. Енді ол финалға жолдама беретін сында испаниялық Николоз Шеразадишвилимен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, аса ауыр салмақта күрескен Ерасыл Қажыбаев ширек финалға жолдама алды. Ол бірінші белдесуінде француз спортшысын ұтса, 1\8 финалда әлем чемпионы, кубалық Энди Гранданы жеңді. Ерасыл жартылай финалға шығуы үшін енді жапон балуанымен күреседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам