Хифуми Париж Олимпиадасынан кейін жылға жуық ешқандай жарыста күрескен жоқ
66 келіде Олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы, жапониялық Хифуми Абэ Токио Град слэмінде топ жарды.
Әлемдік дзюдоның көрнекті өкілі финалда өзінің отандасы Кентоку Каириден басым түсті. Осылайша ол жылдың ең соңғы маңызды турнирін айтулы жеңіспен аяқтады.
Хифуми Париж Олимпиадасынан кейін жылға жуық ешқандай жарыста күрескен жоқ. Биыл Будапеште өткен әлем чемпионатында сынға түскен ол ширек финалда тәжікстандық Обид Джебовтан иппон ұпайымен жеңілген еді. Осылайша Абэ жұбаныш белдесуінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаевтан басым түссе, қола жүлде үшін Куба балуанын жеңген еді. Сол сында өзінің отандасы, құрамадағы әріптесі Такеши Такеока чемпион атанды.
Дегенмен, бүгін аяқталған Токио Гранд Слэмінде Абэ 2025 жылы өз салмағында әлем чемпионы болған отандасын жеңіп, құрамадағы орнын тағы бір рет нақтылап, №1 балуан екенін дәлелдеп қойды.
Танымал дзюдошы ӘЧ-де есе жіберген тәжік балуаны Обид Джебов та Токио турниріне қатысқан болатын. Алайда ол ширек финалда жапонның басқа балуанынан жеңіліп қалды. Осылайша Абэ әлем чемпионатында өзінің жолын кескен балуанмен кездесе алмады.