Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Олимпиада жүлдесін алып сотталған спортшылар туралы не білеміз

08.12.2025, 17:01

Олимпиада жүлдесін алып, кейін қарапайым өмірде төбелеспен сотталған чемпиондар көп

Олимпиада жүлдесін алып сотталған спортшылар туралы не білеміз
ҰОК

Өткен аптада еркін күрестен Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Дәулет Шабанбай қамауға алынды. Павлодарлық балуанның билік өкілдеріне жұдырық жұмсағаны көпшілік үшін таңсық жаңалық болғаны рас.

Кейін жергілікті полиция департаменті балуанды билік өкілін соққыға жықты деп айыптап отыр. Уақытша ұстау изоляторына қамалған ол енді 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бас бостандығынан айырылды демекші, Олимпиада жүлдесін алып, кейін қарапайым өмірде төбелеспен сотталған чемпиондар көп. Олардың арасында қыз зорламақ болғандар, адам өлтіріп, кейін талай жылын теміртордың арғы жағында өткізіп жатқан спортшылар баршылық. 

Қазақстан ауыр атлетикасында Олимпиаданың күміс жүлдесін алған Сергей Филимонов Афиныдағы ойындардан кейін елімізде танымал спортшыға айналып шыға келгенін жанкүйерлер біледі. Жұлдызы жанған ауыр атлет 2005 жылы Алматы облысында көлікпен адам қағып, ауыр жағдайға тап болған. Ол осыдан кейін өзінде бар көп дүниені жоғалтты. Спортшы материалдық жоқшылыққа ұшыраумен қатар оны отбасы да тастап кеткен. Кейін ол Ресейге кетіп, сол жақта ауыр жүк көліктерін жүргізіп жан баққан. Ол осыған дейінгі берген сұхбаттарында сотталмай аман қалғанына шүкір еткенін айтады.

Сергей Филимонов (слева) на церемонии награждения ОИ-2004

Дзюдодан 66 келіде Афины және Бейжің Олимпиадасында чемпион атанған Масато Утисиба 2011 жылдың желтоқсан айында өз шәкіртін зорлады деген айыппен ұсталып, арада екі жыл өткенде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің кәсіби мансабында әлем чемпионатының күміс, Азия ойындарының қола жүлдесін иеленген. 2009 жылы Парижде өткен Гранд Слэм турнирінде топ жарған. Екі Олимпиадада топ жарған оның есімі дзюдо тарихынан ойып орын алған. Алайда оның заң алдындағы айыбы бүгінде жұрт алдына шыға алмастай етті.

File:Masahito Uchishiba1395.jpg

Еркін күрестен Бейжің мен Лондон Олимпиадаларының қола және күміс жүлдегері, үндістандық Сушил Кумар 2021 жылы сотпен іздеуге алынды. Ол жастар арасындағы әлем чемпионы, 23 жастағы Сагар Дханкардың өліміне қатысы бар басты күдіктіге айналған болатын. Кейін ол қамауға алынғанымен, кепілдік арқылы бостандыққа шыққан. Одан кейінгі тағдыры туралы ақпарат жоқ.

Sushil Kumar wrestling champion - Kridangan Sports

Дзюдодан Бейжің Олимпиадасының чемпионы, Моңғолия спортшысы Тувшинбаяр Найдангийн 2022 жылы 16 жылға сотталды. Ішімдік ішіп, масаң күйде досын өлімші етіп сабаған балуан осылай өз тағдырын түбегейлі өзгертті. Сол төбелесте ауыр жарақат алған досы жансақтау бөлімінде бақиға аттанды. Осыдан кейін сот оны Моңғолияның тұңғыш Олимпиада чемпионы деп аяған жоқ.

Найдангийн дзюдо тарихында екі Олимпиаданың финалында күрескен спортшы ретінде танымал. Ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Бұдан бөлек, Азия ойындарының жеңімпазы. Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері. Моңғолиядағы қазақ бапкері Бақыт Однайұлы Тувшинбаярдың 2006 жылы қазақ күресінен Алматыда өткен Азия біріншіліген қатысқанын да атаған болатын.

Первый олимпийский чемпион Монголии Тувшинбаяр получил 16 лет тюрьмы за  убийство :: Другие :: РБК Спорт

Биыл еркін күрестен Рио-де Жанейро Олимпиадасының чемпионы, америкалық Кайл Снайдер де қылмыстық іске ұрынып қала жаздады. Полицияның арнайы рейдтік бақылауы кезінде ол жезөкшелердің қызметіне жүгінемін деп Огайо штатында полиция қолын түсті. Биыл мамыр айында ол 60 күнге қамауға алынуы мүмкін болған. Алайда ол айыппұл төлеу арқылы қамаудан аман құтылды.

Американский борец Снайдер стал четырехкратным чемпионом мира

Спортшылар арасында есірткі, көлікпен адам қағып та сотталған спортшылар қарасы көп. Барселона Олимпиадасында грек-рим күресінен 82 келіде чемпион болған венгриялық Петер Фаркаш 2001 жылы автотұраққа көлігін дұрыс қоймаған әрекеті үшін полициямен төбелесіп, екі жылға бас бостандығынан айырылған.

Ол 2004 жылы ағасы екеуі үйіне жақын маңға марихуана өсіргені үшін полиция қолына түскенімен, іс сотқа жетпей тоқтаған. Дегенмен, 2008 жылы іс қайта қозғалғанда ол үкім шықпай тұрып жалған құжатпен Таиландқа кетіп бой тасалаған. 2009 жылы балуан Андоррада қамауға алынып, Венгрияға жеткізілді. Бес жарым жылға сотталған балуанға бір жарым жыл қосымша қосымша жаза тағайындалды. 2012 жылы Петер Фаркаштың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін сот қанағантандырмаған.   

Олимпийский чемпион после почти 10 лет пребывания в тюрьме начал  автомобильный бизнес| Борьба | Champion.com.ua

Мэрион Джонс 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында жеңіл атлетиканың жұлдызы атанған. Бұл сында Джонс үш алтын және екі қола медаль жеңіп алды. Алайда сегіз жыл өткен соң ол Техастағы федералдық түрмеде отыратынын ол кезде білген жоқ еді.

«Әлемнің ең жылдам әйелі» тыйым салынған дәрілік препараттарды қолданғаны және чек-фальсификациялау ісіне қатысы туралы федералдық тергеушілерге жалған мәлімет бергенін мойындағаннан кейін Олимпиада жүлделерін Халықаралық Олимпиада комитетіне қайтаруға мәжбүр болды. Сол үшін спортшы 2008 жылы ол алты айлық түрме жазасын өтеген.

Почему легкоатлетку Мэрион Джонс посадили в тюрьму. Что стало с американкой  после допингового скандала. Спорт-Экспресс

Тим Монтгомери 2000 жылғы Сидней Олимпиадасындағы АҚШ-тың 4х100 метрлік эстафета командасымен алтын медаль иеленген жеңіл атлет. Алайда допинг дауы оның тыйым салынған дәрілік препарат қолданғанын әшкерелеп, 9,78 секундтық әлем рекорды күшін жойды.

Кейін Монтгомери 5 миллион долларлық чек-фальсификациялау схемасына қатысқаны үшін 10 жылға сотталды. Бұл іске оның бұрынғы бапкері, 1976 жылғы Монреаль Олимпиадасында эстафетада алтын алған Стив Риддик те тартылған. Сондай-ақ Риддик героин саудасы үшін де сотталған спортшы.

Монтгомери тим американский легкоатлет (40 фото) - картинки photosota

1994 жылғы қысқы Олимпиадада АҚШ атынан өнер көрсеткен Тоня Хардинг Лиллехаммердегі ойындарға бірнеше апта қалғанда командаласы әрі басты қарсыласы Нэнси Керриганға жасалған шабуыл бойынша күдікке ілінген.

Хардинг кейін ұлттық чемпионат алдында Керриганға жасалған шабуылды ұйымдастыруға қатысқанын жасыру мақсатында қастандықты бүркемелеуге көмектескенін мойындап, сынақ мерзіміне кесілді. Олимпиадада Керриган жарақатынан айыққан соң күміс медаль алды. Ал Хардинг сегізінші орынмен шектелді және көп ұзамай спорттан шеттетілді.

История Тони Хардинг. Скандал в фигурном катании. Конфликт с Керриган -  Чемпионат

1984 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасында суға секіруден 10 метрлік трамплинде күміс медаль иеленген америкалық Брюс Кимболл Сеул Олимпиадасының іріктеу кезеңіне дайындалып жүргенде  мас күйде көлік жүргізіп, екі адамды өлтіріп алды.

Кимболл бұл айыпты мойындап, ішімдік ішіп көлік жүргізу арқылы абайсызда кісі өлтірудің екі бабы бойынша 17 жылға сотталды. Ол 1993 жылдың қарашасында шамамен бес жылын өтеп, бостандыққа шыққан. 

Bruce Kimball (2000) - Hall of Fame - University of Massachusetts Athletics

110 метрге кедергілер арқылы жүгіруші, француз Ги Дрю 1972 жылы Мюнхенде күміс, 1976 жылы Монреаль Олимпиадасында алтын медаль иеленген атлет. 2005 жылы Париж соты оны 1990-1992 жылдары қоғамдық құрылыс жобаларына байланысты «жалған жұмыс орындарынан» ақша алғаны үшін оған 15 ай шартты жаза тағайындады. Франция спортына сіңірген еңбегіне байланысты оны Франция Президенті Жак Ширак кейін рақымшылықпен босатқан көрінеді.

Дрю, Ги — Википедия

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам