Ал екі жыл өткен соң өлім жазасына кесіледі
Қытайдың Мемлекеттік дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Гоу Чжунвэнь пара алу және қызмет бабын асыра пайдалану ісі бойынша басы дауға қалып, қызметтен шеттелді. Енді ол сот үкімі бойынша екі жылдық сынақ мерзімі мен кейін орындалатын өлім жазасына кесіліп отыр.
Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік CCTV телеарнасы ақпарат таратты. Гоу Чжунвэнь халықтық саяси кеңес консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитеті Бюросының бұрынғы мүшесі болған. 2024 жылдың соңында Чжунвэнь Коммунистік партиядан шығарылып, партиялық тәртіп пен заңдарды өрескел бұзғаны үшін мемлекеттік қызметтен қуылған еді.
Сот 2009-2024 жылдар аралығында Чжунвэнь өз лауазымын пайдаланып, бизнеске және түрлі жобаларды бекітуде заңсыз қолдау көрсеткенін әшкерелеген. Осы әрекеттері үшін ол шамамен 33 млн доллардан астам заңсыз табыс тапқан.
Сот оны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, өлім жазасына үкім шығарды. Алайда сот айыпталушының кінәсін мойындап, заңсыз алған табысын қайтарғанын ескеріп, оған екі жылдық сынақ мерзімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап отыр. Жазаны жеңілдету немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босату қарастырылмаға көрінеді.