Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрқайыпқызы тұрмысқа шықты

09.12.2025, 17:44

Моңғолияда туған қандасымыз 2024 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келді

Белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрқайыпқызы тұрмысқа шықты
әлеуметтік желі

Белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы ұзатылып, тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол желідегі парақшасында той сәтінен бірнеше бейнежазба жариялады.

Бұған дейін бүркітші қыз туралы режиссер Отто Белл «The Eagle Huntress» атты фильм түсіргені белгілі. Аталған фильм әлемнің 30-дан астам елінде көрсетілген. Лондон, Нью-Йорк, Дубай, Токио, Сидней және Францияда ұсынылған туынды арқылы Айшолпан Нұрғайыпқызының есімі әлемге танылған еді.

Естеріңізде болса, ол бірнеше жыл бұрын оқушы шағында қазақстандық жастармен бірге Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болды. Сондай-ақ, 2019 жылы Лос-Анджелесте бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы кітаптың тұсаукесері өтті.

Ол Моңғолияның батысындағы Баян-Өлгей аймағының, Алтынсөк сұмынында туып өсіп, 13 жасында 79 саятшы қатысқан бүркітшілер сайысында рекорд жаңартып тарихта тұңғыш рет жеңімпаз атанған болатын. 2017 жылы Айшолпан Нью-Йорк қаласында «Asia Game Changer» сыйлығын иеленді.

Моңғолияда туған қандасымыз 2024 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келді. Бүгінде танымал бүркітшінің отбасы Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында тұрады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам