Кейбір өңірлерде спортқа қатысы жоқ менеджер де басшылыққа тағайындалған
Еліміздегі 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаладағы спорт басқармасын кімдер басқаратынын көпшілік тегіс біле бермейді. Олардың арасында бірнеше Олимпиада чемпионы мен жүлдегерлері болса, әлем және Азия чемпионаттарында жүлде алған спортшылар басқарып отыр.
Дегенмен, кейбір өңірлерде спортқа қатысы жоқ менеджер де басшылыққа тағайындалған. Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысы және Жамбыл облысының спорт басқармаларының басшыларының қандай спорттың өкілі екені туралы дерек жоқ.
Жалпы, туризм және спорт министрі қазақ күресінің өкілі болса, ҰОК президенті Геннадий Головкиннің қай спорттың өкілі екені жанкүйерлер жақсы біледі.
Сонымен, аймақтағы басқарма басшылары кімдер?
Қарағанды облысы - Серік Сәпиев (бокс, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері)
Қызылорда облысы - Бақтияр Артаев (бокс, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері)
Астана қаласы – Василий Левит (бокс, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері)
Атырау облысы - Нұрбол Сыдықов (бокс)
ШҚО - Асқар Можанов
(кикбоксинг, 5 дүркін әлем чемпионы)
Маңғыстау облысы - Мақсат Мұқаш
(еркін күрес)
Павлодар облысы - Азамат Имашев (киокушинкай каратэ, қара белбеудің 3-дан иегері
Ақмола облысы - Ардақ Түлендин (қазақ күресі, дзюдо, самбо)
Батыс Қазақстан облысы - Бақдәулет Сабитов (қазақ күресі, дзюдо, самбо)
Абай облысы - Бақыт Бекбосынов (қазақ күресі, дзюдо, самбо)
Түркістан облысы - Ғалымжан Хұдияров (қазақ күресі, дзюдо, самбо)
Жетісу облысы - Ұлан Рысқұл (қазақ күресі, дзюдо, «Қазақстан Барысы турнирінің жеңімпазы)
Ұлытау облысы - Марат Айдашев (дзюдо, ҚР 5 дүркін чемпионы)
Алматы облысы - Ақжүрек Танатаров (еркін күрес, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері)
Шымкент қаласы - Ермек Дарменов (футбол)
Қостанай облысы - Дулат Советханұлы (баскетбол).
Айта кететін жайт, Бақтияр Артаев Бейжің Олимпиадасынан кейін Жамбыл облысының спорт басқармасына басшылық етсе, Серік Сәпиев министрліктің дене шынықтыру және спорт комитетіне басшылық еткен. Бұдан бөлек, Олимпиада чемпиондары спорт клубтарына жетекшілік етті.