Қазақ балуаны әзербайжандық қарымды қарсыласына 6:4 есебімен жол берді
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Сахалинде өткен лигалық турнирде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Магомедхан Магомедовке есе жіберді.
Кездесу барысында қазақ балуаны әзербайжандық қарымды қарсыласына 6:4 есебімен жол берді. Ол қараша айының соңғы он күндігінде Сауд Арабиясында өткен Ислам ойындарында аталған балуанды ширек финалда 12:2 есебімен жеңген еді.
Магомедхан Магомедов 2022-2023 жылғы әлем чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері.
Өз кезегінде балуан бұл жеңілісінің себебін басқаша түсіндірді.
«Бұл спорт. Бүгін жеңсең, ертең жеңілуің мүмкін. Бұл турнирге тәжірибемді шыңдау үшін келдім», - деді ол белдесуден кейін.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан биыл Азия чемпионатында күміс жүлде иеленсе, әлем чемпионатында жүлдесіз қалды. Ал U23 санатындағы ӘЧ-де қола жүлде иеленді.