Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Өзімді өзім құрттым»: Бейбіт Ыстыбаев спорттағы ең үлкен өкінішін айтты

18.12.2025, 20:54

Алайда бұл түсініктің қате екенін кеш ұққанын жасырмады

«Өзімді өзім құрттым»: Бейбіт Ыстыбаев спорттағы ең үлкен өкінішін айтты
Әлеуметтік желі

«Қазақстан барысының» үш дүркін чемпионы Бейбіт Ыстыбаев журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында спорттық мансабындағы басты өкінішін ашық айтты. Палуанның сөзінше, тәртіпке салғырт қарауы оның үлкен мүмкіндіктерді жіберіп алуына себеп болған.

Ыстыбаев көптеген спортшы чемпион атанғаннан кейін өмір бойы құрмет пен қошеметке бөленемін деп ойлайтынын, алайда бұл түсініктің қате екенін кеш ұққанын жасырмады.

«Қазір спортшылармен сөйлескенде осыны жиі байқаймын. Чемпион болсам, төрде отырамын, бәрі сыйлайды деп ойлайды. Мен де дәл солай ойладым. Бірақ өмір олай емес екен», – дейді ол.

Сонымен қатар палуан спортшылардың мінезі ауырлау, тез өкпелегіш болатынын да атап өтті. Оның айтуынша, олармен дұрыс қарым-қатынас орнату үшін жылы сөздің маңызы зор.

«Құр «бар, алып кел» десең, ешкім қозғалмайды. Ал жылы сөйлеп, «айналайын, палуан» деп айтсаң, барып келеді. Мұндай кезеңнен бәріміз өттік», – деді Ыстыбаев.

Бейбіт Ыстыбаев жастардың уақыттың қадірін көбіне кеш түсінетінін де тілге тиек етті. Ол өз тәжірибесінен мысал келтіріп, әлем чемпионы болуға нақты мүмкіндігі болғанын айтты.

«Өзім де кеш ұқтым. Әлем чемпионы болуға мүмкіндік болды. Бірақ сол кезде жаттығуды дұрыс жасамадым, керек жерге бармадым, кейде ұйықтап қалатынмын. Жастықтың қырсықтығы, өзіңе тым сенімді боласың», – деді ол.

Палуан Таразда өзін жаттықтырған Серік есімді бапкерінің жиі айтқан сөзін де еске алды.

«Серік ағай «сенің де орныңды басатын адам табылады» дейтін. Ол кезде ауыр қабылдайтынбыз. Негізі, спортта тәртіпке бағынған адам ғана биікке жетеді», – деп түйіндеді Бейбіт Ыстыбаев.

Айта кетейік, сұхбаттың толық нұсқасы желіде жарияланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам