Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстандық ауыратлет Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды

05.02.2024, 14:52

7 ақпанда Әлібек Рахымберді мен Александр Уваров жарыс жолына шығады

Қазақстандық ауыратлет Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды
скрин: Qazsport

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандық Ақмолда Сайрамкез күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

67 келі салмақтағы ерлер арасында сынға түскен Ақмолда қос жаттығу қорытындысында 292 (126+166) келіні бағындырып, Азия чемпионатында екінші орын алды.

Айта кету керек, бұл Ақмолданың ересектер арасындағы халықаралық төртінші жарысы. Оның алдындағы үшеуінде жас спортшының жолы болмаған. Атап айтқанда, 2021 жылғы Азия чемпионатында алтыншы орынға тұрақтаса, 2023 жылғы әлем чемпионатын 12-орынмен аяқтады. Ал, сол жылғы Гран-приде төртінші орын алды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам