Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Ризабек Айтмұхан ел чемпионатында Әлішер Ерғалидан жеңіліп қалды

05.02.2024, 21:25

Ол олимпиадалық салмақта биыл алғаш рет күресті

Ризабек Айтмұхан ел чемпионатында Әлішер Ерғалидан жеңіліп қалды
Vesti.kz

Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының соңғы жарыс күнінде әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан 97 келіде күресіп, финалда Әлішер Ерғалидан 10:14 есебімен жеңілді.

Олимпиадалық салмақта күрескен әлем чемпионы бастапқыда үздіксіз шабуылға шығып, 10.5 есебімен алға шыққан еді. Алайда кездесу аяқталуға 1 минут қалғанда жамбылдық балуан Әлішердің жасаған әдістері нәтижелі болып, соңғы минутта жеңісті жұлып алды.

Өткен жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында 92 келіде белдескен Ризабек жаңа салмақта нәтижелі күрескенімен, шешуші сәтте өз мүмкіндігін жіберіп алды. Бұл біріншілікті олимпиадалық салмақта күрескен балуандар алда Бішкекте өтетін лицензиялық турнирде белдесуге мүмкіндік алып отыр.

Жалпы ел чемпионатының соңғы күніндегі нәтиже төмендегідей:

61кг

1. Асыл Айтақын (Алматы қаласы)

2. Өміржан Дастанбек (Алматы облысы)  

3. Владимир Кудрин (Ақмола облысы) 

3. Дәурен Әмірхан (Алматы облысы)

70 кг

1. Мейіржан Әшіров (Жамбыл облысы)  

2. Қуаныш Дүйсенқұл (Алматы қаласы)

3. Олжас Олжақанов(ШҚО) 

3. Досжан Әсетов (ШҚО)

79 кг

1. Азамат Өміржанов (Астана)

2. Болат Сақаев (Атырау облысы)

3. Мағжан Жанырбай (Жетісу облысы) 

3. Сыдық Қайыркелді (Ақмола облысы)

97 кг

1. Әлішер Ерғали (Жамбылс облысы)  

2. Ризабек Айтмұқан (Алматы қаласы) 

3. Камил Куруглев 

3. Бекзат Үркімбай

125 кг

1. Юсуп Батырмурзаев (Ақтөбе облысы) 

2. Абылай Совет (Алматы обласы)

3. Омар Эюов(Алматы облысы) 

3. Талғат Жиентаев (Қостанай облысы) 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам