Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Депутат Олимпиадаға дайындыққа бөлінген 13,3 млрд теңге бойынша есеп талап етті

15.01.2026, 14:00

Егер жауапты министрлік бір медальді жеткілікті деп санаса, онда бір жүлденің құны 13 млрд теңге болғаны ма?

Депутат Олимпиадаға дайындыққа бөлінген 13,3 млрд теңге бойынша есеп талап етті
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Қазақстанның Италияда өтетін Қысқы Олимпиада-2026 ойындарына дайындығына қатысты сын айтты. Ол бюджеттен бөлінген қаражаттың әр теңгесі бойынша ашық есеп беруді талап етті.

Депутаттың айтуынша, Туризм және спорт министрлігі Олимпиададан бар болғаны бір медаль күтетіндей әсер қалдырады. Осылайша, бір жүлденің құны шамамен 13 млрд теңгеге бағаланып отырғандай.

«Италияда өтетін Олимпиададан нақты қандай нәтиже күтеміз? Спортшылардың дайындығы тиісті деңгейде ме? Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми сайтында мемлекеттік тілде мардымды ақпарат жоқ. Бюджеттің орындалуы туралы мәліметтер 2022 жылдан бері жаңартылмаған. Онда қазына қаржысының қалай игерілгенін қайдан білеміз? Дайындыққа бөлінген 13,3 млрд теңгенің есебі неге жарияланбайды? Егер жауапты министрлік бір медальді жеткілікті деп санаса, онда бір жүлденің құны 13 млрд теңге болғаны ма?» – деп жазды депутат әлеуметтік желіде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам