Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Қазақстан ауыратлеті Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

07.02.2024, 14:56

Қазір Қазақстан қоржынында 2 күміс медаль бар

Қазақстан ауыратлеті Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
olympic.kz

Қазақстандық ауыратлет Александр Уваров Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта жұлқа көтеруде – 153 кг, серпе көтеруде 190 кг зілтемірді көтеріп, қоссайыс қорытындысында 343 кг көрсеткішпен күміс жүлдегер атанды. 

Осыған дейін Александр Уваров Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қола медаль иеленген болатын. 

Осы салмақтағы тағы бір қазақ атлеті Әлібек Рақымберді жалпы есепте 5-сатыға жайғасты (298 кг, 130+168). Алтынға Солтүстік Корея спортшысы Ри Чонг Сонг (369 кг, 169+200) қол жеткізсе, үздік үштікті Түркменстан өкілі Гайгысыз Тораев 337 келімен (148+189) түйіндеді.

Қазір Қазақстан қоржынында 2 күміс медаль бар. Екі күн бұрын Сайрамкез Ақмолда алғашқы жүлдеге қол жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам