Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Елдос Сметов әлемдік рейтингте 30-орынға дейін түсіп кетті

07.02.2024, 17:08

Олипиада ойындарына рейтингтің алғашқы 16 сатысында тұрған дзюдошылар қатысады

Елдос Сметов әлемдік рейтингте 30-орынға дейін түсіп кетті
olympic.kz

Дзюдодан Париждегі аяқталған Гранд Слэм турнирінен соң әлемдік рейтинг өзгерді. Бұл сында күрескен отандық татами шеберлерінің бірнешеуі позициясын жақсартқан.

60 келіде әлем бойынша бірінші орынға испаниялық Гарригос Франциско жайғасты. Бұл тізімде Мағжан Шамшадин бір сатыға төмендесе (15), Нұрқанат Серікбаев өз орнын сақтап қалды (19). Ал Елдос Сметов 30-шы сатыда тұр. Ол бұған дейін 35-орыннан 22-ге көтеріліп, кейін қайта төмендеді.

66 келіде Ғұсман Қырғызбаев рейтингтегі өз орнынан жылжыған жоқ (14). Ал Есет Қуанов 11 саты жоғарылап, 62-орынға ілікті.

73 келіде Әзірбайжан атынан күресетін Қарағанды облысының тумасы Хидаят Гейдаров 6 561 ұпаймен өзгелерден оқ бойы озық тұр. Ал отандасымыз Данияр Шамшаев 1 саты көтеріліп, 15-орынға жетті. Бұл тізімде Жансай Смағұлов 3 сатыға төмендеді (33).

81 келіде бельгиялық Матиос Кассе ешкімге дес бермей келеді. Рейтингтің 14-ші сатысында ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Жұбаназар жайғасқан. Париж турнирінде 7-ші орын алған отандасымыз бұл жолы 1 орын алға жылжыды.

90 келіде отандық татами шеберлері арасында 37-ші орын спорттық мансабын аяқтаған түркістандық Дидар Хамзаға тиесілі. Ал ұлттық құрама мүшесі Айдар Араповтың нәтижесі 100 спортшының арасында 96-орын.

-100 келіде Париж Гранд Слэмінде қола жүлдегер атанған Шархан Нұрлыхан 2 орын алға шығып, 14-сатыға келді. Бұл салмақтағы өткен жылғы Қазақстан чемпионы Ислам Бозбаев рейтингте 43-ші орында тұр.

+100 келіде тараздық Ғалымжан Қырықбай 28-қатарда. Париждегі жарыста алғашқы айналымда жеңілгеніне қарамастан ол 1 саты көтерілген. Аса ауыр салмақтағы тағы бір балуан Ерасыл Қажыбаев бұл сында 7-ші орынға ілініп, 37-ден 35-ге қарай жоғарылады.

Париж Олимпиадасына дейін әлі бірнеше халықаралық маңызды жарыстар бар. Ұлттық құрама мүшелері бұл сында өнер көрсетіп, рейтингтегі жағдайын жақсартуына мол мүмкіндік бар. Қазіргі жағдай бойынша шілде айында басталатын төртжылдықтың бас ойындарында ерлер арасында 5 дзюдошымыз сынға түсе алады. Дегенмен, маусымға дейінгі Гранд Слэм бәсекелерінде жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетуі тиіс.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам