Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Қырғыздың танымал балуаны сәбилі болуға дайындалып жүр

16.01.2026, 22:55

Айсұлу Тыныбекова көпшіліктен сүйінші сұрады

Қырғыздың танымал балуаны сәбилі болуға дайындалып жүр
Kaktus media

Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, қырғызстандық танымал балуан Айсұлу Тыныбекова сәбилі болуға дайындалып жүргенін хабарлады.

Желіде күйеуімен бірге түскен бейнежазба жариялаған спортшы жазба жазып, отбасындағы қуанышымен бөлісті.

«Біздің кішкентай сырымыз», - деп жазды Айсұлу Тыныбекова.

Париж Олимпиадасынан кейін Қырғызстанның күрес федерациясының вице-президенті болып тағайындалған ол спорттан үзіліс алғанын жариялаған еді.

Алайда балуан Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысу туралы әзірге нақты шешімін айтқан жоқ.

Спортшы Токио және Париж олимпиадаларында күміс және қола медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, ол әлем біріншіліктерінің үш дүркін чемпионы атанған. 1993 жылы туған балуан 2012 жылдан бері Олимпиада ойындарына 4 рет қатысты. Лондон ол іріктеу кезеңдерінде сүрінсе, Рио Олимпиадасында бесінші орынға тұрақтады.

Париж Олимпиадасынан кейін Тыныбекова тұрмысқа шығып, көпшілік назарын өзіне аударды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам