Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресей спортшылары Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуы мүмкін

21.01.2026, 22:05

ХОК осы мәселені талқылап жатыр.

Ресей спортшылары Лос-Анджелес Олимпиадасына қатысуы мүмкін
gettyimages.com

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Ресей спортшылары мен ұлттық құрамаларын 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына толыққанды қайтару мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф The Athletic басылымына берген сұхбатында ХОК Ресейдің халықаралық спорт аренасына кезең-кезеңімен оралуын көздеп отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әңгіме тек бейтарап мәртебе немесе шектеулерді сақтай отырып қатысу жайында емес, ұлттық туы мен әнұраны бар толыққанды рұқсат туралы. Алайда бұл процестің нақты тетіктері мен мерзімдері әлі талқыланып жатыр.

Тардифтің сөзінше, халықаралық жарыстарға алдымен Ресей мен Беларусьтің жасөспірім құрамалары қайта оралуы мүмкін. The Athletic тілшілерінің бағалауынша, U18 санатындағы командалар 2028 жылы, жастар құрамалары 2029 жылдан кейін, ал ересектер арасындағы ұлттық құрамалардың оралуы 2029 жылдың көктеміне қарай жүзеге асуы ықтимал.

Осылайша, хоккейден Ресей ұлттық құрамасы 2030 жылы Францияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына толық құрамда қатысуы мүмкін деген болжам бар.

Дегенмен бұл бастаманы бәрі бірдей қолдап отырған жоқ. Қазіргі таңда Финляндия, Швеция және Чехияның хоккей федерациялары Ресей құрамасының халықаралық ареналарға қайта оралуына қарсы. The Athletic Канада да қарсылық көрсетуі мүмкін екенін алға тартады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам