Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасын тергеу жалғасып жатыр
UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жұбайы өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша күдікті деп танылды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша ресми мәлімет берді.
Оның айтуынша, Гулайым Рахмонова аталған іс аясында күдікті ретінде танылған. Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.
Жол-көлік оқиғасы 2025 жылдың шілде айында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, Гулайым Рахмонова ұлы және құрбыларымен бірге Қарағанды қаласынан Алматыға бет алған. Алматы – Екатеринбург автожолының 296-шақырымында Toyota Land Cruiser маркалы көлік аударылып кеткен. Тергеу нұсқасы бойынша, жүргізуші көлікті басқару барысында рөлге ие бола алмаған.
Апат салдарынан 39 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқан, ал 35 жастағы тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмған. Гулайым Рахмонова мен оның баласы Шу қаласындағы медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауыр деп бағалаған.
Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.