Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Милан олимпиадасында Қазақстанның туын кімдер ұстап шығатыны анықталды

Бүгін, 17:34

Ақордада Мемлекеттік туды табыстау рәсімі өтті. 

Милан олимпиадасында Қазақстанның туын кімдер ұстап шығатыны анықталды
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада және XIV Қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрамаларға Мемлекеттік туды табыстады.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары да ресми түрде анықталды.

Мемлекет басшысы ҚР Мемлекеттік туын ұлттық құрама мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға, сондай-ақ Қазақстан паралимпиадалық командасының өкілі Ербол Хамитовқа тапсырды.

Президент спортшылардың тыңғылықты дайындықтан өткенін атап өтіп, алдағы байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдірді.

«Әрине, спортта жеңісті болжау мүмкін емес. Бірақ Сіздер қатаң іріктеулерден сүрінбей өтіп, Қазақстанның олимпиадалық құрамасына мүше болдыңыздар. Осының өзі, Сіздердің әлеуеттеріңізді, жеңіске деген ұмтылыстарыңызды танытады. Тәуелсіздік алған уақыттан бері спортшыларымыз Қысқы Олимпиада ойындарында шеберлік танытып, бірнеше мәрте жеңіс тұғырынан көріне білді. Владимир Смирнов, Людмила Прокашева, Елена Хрусталева, Денис Тен, Юлия Галышева сияқты Олимпиада жүлдегерлерінің есімдері отандық спорт тарихына алтын әріптермен жазылды. Әлемдік спорттағы ірі ареналарда топ жарған отандық атлеттердің құрметіне талай рет Әнұран шырқалып, еліміздің Туы көкте желбіреді. Алдағы уақытта да жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 40-қа жуық спортшы қатысады. Олар спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Ұлттық құраманың жартысынан астамы Олимпиадаға алғаш рет қатыспақ. Ал Паралимпиада ойындарына қазіргі таңда 10 лицензия алынған, олардың саны әлі де артуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам