Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелеске не себеп болғанын ашық айтты

25.01.2026, 20:07

Сәпиевтің айтуынша, ол ықпалды адамдардың  қарсылығына тап болған

Серік Сәпиев орынбасарымен төбелеске не себеп болғанын ашық айтты
Видеодан кадр

Лондон Олимпиадасының чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев өзіне қатысты соңғы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.

Ол ең алдымен қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтып, орын алған оқиғаның жеке немесе тұрмыстық жанжалға қатысы жоқ екенін нақтылады.

Сәпиевтің айтуынша, өңірде жасырын ықпалы бар белгілі бір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болған. Оның сөзінше, облыстағы спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялау әрекеті жасалған және бұл іске оның орынбасары да араласқан.

«Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді», – деді ол.

Сонымен қатар Серік Сәпиев қазақстандық спортта Мемлекет басшысы тапсырған жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы қысым мен арандатушылықтар өз шешімін өзгерте алмайтынын жеткізді.

«Ешқандай арандатушылық қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды іске асыру жөніндегі шешімімді шайқалтпайды», – деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Мәлімдеме соңында Серік Сәпиев жұртшылыққа тағы да алғыс айтып, ел бірлігіне үндеу жасады.

«Барлықтарыңызға рақмет! Қазақтың күші – бірлікте!» – деді ол.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам