ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Демалысты ұмыттық»: Сметов жаттығуға қатысты пікір білдірді

Балуан мамыр айында Астанада өтетін Гранд Слэмге қатыспақ

ҰОК
ҰОК

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов ұлттық құрама сапына қосылып, жаттығуды күшейткенін мәлімдеді. Белгілі балуан демалыс күндері күшейтілген жаттығу режимінде жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

«Бізде демалыс жоқ», - деп жазды татами шебері әлеуметтік желідегі парақшасында.

Париж Олимпиадасынан кейін бір жарым жыл демалыс алған балуан жарақаттарын емдеумен қатар, Англияда тіл курсын оқып келген болатын. Кейін ол жаттығуды бастайтынын, халықаралық жарыстарға қашан қатысатынын туралы мәселеге жауап берді.

Айта кететін жайт, балуан мамыр айында Астанада өтетін Гранд Слэм турнирінде күресуді көздеп отыр. Қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 1991 ұпаймен 20-шы орынға жайғасқан.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам