Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

01.02.2026, 09:37

Бұл лауазымды екі дүркін Азия чемпионы Данияр Қайсанов атқарады

Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
ҰОК

Еркін күрестен Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл қызметке 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов бекітілді.

Данияр Қайсанов 2016 жылы Қазақстан спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ 2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» бағыты бойынша бітірген.

Айта кетейік, Қайсанов 2017 жылдан бастап еркін күрестен Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ол – екі дүркін Азия чемпионы, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Токио Олимпиадасының қатысушысы.

Ұлттық құраманың алдағы оқу-жаттығу жиындары ақпан айының алғашқы жартысында Алматы облысында өтеді. Осы жиын барысында бапкерлер штабының толық құрамы ресми түрде таныстырылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам