Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қыздарды жеткізумен айналысқан»: Эпштейн ісінде Сочи Олимпиадасына қатысқан агенттіктің аты аталды

01.02.2026, 13:43

Бұл агенттіктің Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны белгілі. 

«Қыздарды жеткізумен айналысқан»: Эпштейн ісінде Сочи Олимпиадасына қатысқан агенттіктің аты аталды
Getty Images

АҚШ Әділет министрлігі қаржыгер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысты бұрын құпия сақталған миллиондаған жаңа құжатты жариялады. Бұл – Эпштейн файлдарының ашықтығы туралы заң қабылданғаннан бергі ең ауқымды деректер топтамасы.

Құжаттар арасында 2014 жылғы Сочи қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысқан ресейлік агенттікке қатысты мәліметтердің болуы қоғам назарын ерекше аударды.

BBC News және бірқатар халықаралық БАҚ-тың хабарлауынша, жарияланған материалдарда Эпштейн ұйымдастырған кештерге қыздарды жеткізумен Краснодар қаласында тіркелген Shtorm модельдік агенттігі айналысқаны көрсетілген. Аталған агенттік Сочидегі Олимпиаданың ашылу рәсімін ұйымдастыру жұмыстарына да қатысқан.

Джеффри Эпштейн – АҚШ-та кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін және адам саудасына қатысты айыптаулармен аты шыққан қаржыгер. Ол 2019 жылы федералды түрмеде отырғанда өз-өзіне қол жұмсаған.

АҚШ Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл жолы 3 миллион беттен астам құжат, 180 мыңға жуық фото және 2 мыңнан аса бейнематериал жарияланған. Құжаттарда Эпштейннің ықпалды тұлғалармен, түрлі халықаралық ұйымдармен қатар оның кештерін ұйымдастыруға қатысқан құрылымдар да аталады.

Ал Shtorm агенттігінің негізін қалаушы ретінде Дана Борисенко көрсетілген. Ашық деректерде оның Краснодар өлкесіндегі белгілі кәсіпкердің қызы екені туралы ақпарат бар. Бұған дейін спортпен, атап айтқанда кикбоксингпен айналысқаны да айтылады. Әлеуметтік желілер мен жергілікті пабликтерде агенттіктің құрылуына оның әкесінің қолдау көрсеткені жөнінде мәліметтер бар. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Сарапшылар пікірінше, Эпштейн ісіне қатысты құпиялар толық ашылған жоқ. Дегенмен бұл деректер халықаралық деңгейдегі ірі жобалар мен ықпалды тұлғалардың көлеңкелі байланыстарына қатысты жаңа сұрақтардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам