Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Дзюдодан Ташкент Гранд Слэміне қатысатын қыздар құрамасы анықталды

09.02.2024, 13:42

Олар рейтингтік ұпай үшін белдеседі

Дзюдодан Ташкент Гранд Слэміне қатысатын қыздар құрамасы анықталды
Қазақстан дзюдо федерациясы

Наурыз айының 1-3 күндері Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирінде күресетін Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі анықталды. Olympic.kz сайтының жазуынша, бұл сында 12 қызымыз ел намысын қорғамақ.

Олардың қатарында Абиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева (48 келі), Балнұр Әбдешова, Толғанай Әбеуова (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Есмигул Куюлова, Кристина Сотникова (63 келі), Екатерина Токарева (70 келі), Аруна Жангелдина, Маргарита Гриценко (78 келі), Камила Берліқаш, Назгүл Маратова (+78 келі) сынды бұрымды балуандар бар.

Қазақстан әйелдер құрамасы қаңтар айының соңында Португалияда өткен Гран При турнирінде күрескен болатын. Аталған жарыста тек Абиба Әбужақынова ғана қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, Ташкентте өтетін Grand Slam турнирінде еліміздің ерлер құрамасының 14 балуаны белдеседі. Аталған құрама тізімінде Елдос Сметов, Ғұсман Қырғызбаев сынды балуандар белдеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам