Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының киіміне бөлінген қаражатты шенеуніктер жымқырған

10.02.2024, 10:37

Олар Қытайдан алған тауарды Қазақстанда жасалған деп көрсеткен

Азия ойындарында Қазақстан спортшыларының киіміне бөлінген қаражатты шенеуніктер жымқырған
olympic.kz

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясы басшысының орынбасары 383 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Аталған қаражат былтыр Азия ойындарында ел спортшыларының киім формасын тігуге деп бөлінген қаражаттың бір бөлігі деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

«Қаржы мониторинг агенттігінің астаналық департаменті аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы бірнеше қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мәселен, 2022 жылы Қазақстан құрамасыны Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайдан өте сапасыз кроссовкилер мен рюкзактар сатып алынған. Ал, бағасын үш есе көп көрсеткен. Ал, жеткізуші болса тауарды отандық өнім деп жалған құжат әзірлеген. Соның салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келтірілді. Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, былтыр Қытайда өткен Азия ойындарында Қазақстан спортшылары киімнің өте сапасыз екенін айтып, бірнеше рет шағымданған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам