Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Париж Гранд Слэмі: Қазақстан балуандары үш қола медаль иеленді

09.02.2026, 09:43

Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (-100 кг) үздік үштікке енді

Париж Гранд Слэмі: Қазақстан балуандары үш қола медаль иеленді
ҰОК

 

Парижде аяқталған Гранд Слэм бәсекесінде Қазақстан дзюдошылары үш қола жүлдеге ие болды. Дәстүрлі турнирдің соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (-100 кг) үздік үштікке енді.

Абылайхан Жұбаназар шешуші белдесуде Аустрия балуаны Бернд Аутфашингтен басым түсті. Ол турнирдің іріктеу барысында Дания, АҚШ, Жапония балуандарын жеңген еді.

Ал -100 келіде Нұрлыхан Шархан қола жүлде үшін күресте нидерландтық Симеон Катаринаны қапы қалдырды. Қызылордалық балуан бұл сында Тунис, Украина, Венгрия және Италия балуандарын айқын жеңді.

Турнирдің алғашқы жарыс күнінде Аман Бақытжан -60 келіде қола жүлдеге қол жеткізді. Өзге балуандардың дені іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жүлдеден тыс қалды.

Айта кетейік, аталған сынға Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов қатысқан жоқ.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам