Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қырық жасында Олимпиада чемпионы атанған спортшы беліне дейін шешініп тастады

09.02.2026, 15:33
Қырық жасында Олимпиада чемпионы атанған спортшы беліне дейін шешініп тастады
Hannah Peters / Getty Images

40 жасында Олимпиада чемпионы атанған спортшы аустриялық сноубордшы жеңісінен кейін неге беліне дейін шешінгенін түсіндірді.

Оның сөзінше, бұл әрекет арқылы ол өз отандасы, тау шаңғы спортынан Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Херман Майерге құрмет көрсетіп, оның кезінде жасаған ишарасын қайталағысы келген. Олимпиада чемпионы атағын қорғаған австриялық спортшы Бенджамин Карл жеңістен кейінгі әрекетін осылай түсіндірді.

40 жастағы Карл финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Сан Гюмды басып озды. Осы жеңісінің арқасында ол қысқы Олимпиада ойындарындағы жеке спорт түрлері бойынша ең жасы үлкен чемпион атанып, норвегиялық биатлоншы Уле-Эйнар Бьорндаленнің рекордын жаңартып отыр.

Мәре сызығын кескеннен кейін австриялық спортшы беліне дейін шешініп, жұдырығын түйіп, қатты айқайлаған.

«Бұл Херман Майерге деген құрмет еді. Ол Австрия тарихындағы ең ұлы шаңғышылардың бірі. Ол бір кездері дәл осындай қимыл жасаған. Мен де әрдайым соны қайталауды армандадым», - деді ол.

Карлдың айтуынша, ол мұндай ишараны Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында жасағысы келген, алайда эмоцияға беріліп, оны ұмытып кеткен.

Тау шаңғышы Херман Майер – 1998 жылғы Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, Турин Олимпиадасының екі дүркін жүлдегері және әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам