Біздің спортшылар – жауапкершілікті сезінетін нағыз патриоттар деп білемін
Бүгін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы жарыс күні өтіп жатыр. Әзірге Қазақстан қоржынында жүлде жоқ. Ең қызығы, елдегі өзге спорт түрлерінде жетістікке жеткендер Олимпиадаға кеткендерді ақтап пост жаза бастаған.
«Мен Олимпиада рингінде тұрған, сол қысымды өз жүрегіммен сезінген адам ретінде бір-ақ нәрсе айтамын: жекпе-жек бірінші раундтан кейін аяқталмайды.8-10 ұпай ??? Бұл мәнерлеп сырғанау үшін – түк емес. Бұл – бір ғана мінездің . Бір ғана ерік-жігердің еншісінде.Спортта ешқашан сүрінбегендер емес, сүрінсе де қайта тұрып, қайта жүгіргендер жеңеді. Олимпиада – бұл нағыз мінездің, салқын қандықтың, ақыл мен мінездің жарысы.Біздің спортшылар – жауапкершілікті сезінетін нағыз патриоттар деп білемін. Олар Ту алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Ал Қазақстанның Туы астында шыққанда, сен жалғыз емессің, Артыңда – тұтас елің,жұртың тұр», - дейді бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов.
Ол сөзінде бүгін еркін бағдарламада өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров туралы жазған. Отандасымыз бірінші жарыс күннің қорытындысы бойынша топ басындағы үш спортшыдан қалып қойды. Үшінші орындағы атлет пен Шайдоровтың арасын үш бөліп тұр.
«Қысқы Олимпиада – төрт жыл күткен сынақ. Бұл жерде әр спортшы ел намысын қорғап, барын салады.Жеңіс те, жеңіліс те болады, бірақ әр қадам, әр секіріс – мінез бен табандылықтың белгісі.Сәттілік тілейміз! Біз сіздерге сенеміз! Алға, Қазақстан», - дейді дзюдо күресінің өкілі Камилә Берліқаш.
Ал Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері, биатлон шебері Елена Хрусталева мемлекеттік бюджеттен қысқы Олимпиаданың дайындығына жұмсалған 13 миллиард теңгені ақтап сұхбат берген.
Адамдар «миллиардтар» дегенді естігенде, көз алдына ақша толы шабадандар елестейді. Алайда бір ғана кәсіби винтовканың бағасы бюджетке арналған автокөлікпен бірдей. Бұл оқ-дәрілерді, шаңғыларды, таяқтарды және басқа да жабдықтарды есептемегеннің өзінде. Ал бұл 13 миллиард теңге – ел бойынша барлық қысқы спорт түрлеріне арналған жалпы сома. Оның ішінен тек ұшу билеттері ғана емес, сонымен қатар сервис-бригадалардың жұмысы, оқу-жаттығу жиындары, ғылыми және медициналық қолдау да қаржыландырылады.Иә, мемлекет те, федерация да команданы лайықты деңгейде қолдайды. Бірақ биатлон әлемінде біз әзірге Норвегия немесе Германия секілді алып «корпорацияларды» қуып жетуге тырысқан қарапайым ғана «стартаппыз». Ал олардың бюджеті біздікінен ондаған есе жоғары», -дейді спортшы.