Қатысушылар тізіміне тоғыз спортшы еніп отыр
Дзюдодан Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза спорттық мансабын аяқтағаннан кейін 2025 жылы татамиге оралған болатын. Белгілі спортшы наурыз айының соңында кезекті рет халықаралық турнирге қатысады. Ол ұлттық құрама сапында Хорватияның Дубровник қаласында өтетін Еуропа кубогында сынға түспек.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) турнирге қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады. Олардың қатарында Париж Олимпиадасына қатысушы Данияр Шамшаев та бар.
Қазіргі таңда қатысушылар тізіміне тоғыз спортшы еніп отыр. Олардың жетеуі ерлер, екеуі әйелдер құрамасының мүшелері.
Ерлер:
60 кг дейін: Дамир Болатбеков
66 кг дейін: Қанат Сейілхан
73 кг дейін: Данияр Шамшаев, Айбек Жақашов
81 кг дейін: Қанат Әбітұлы
90 кг дейін: Дидар Хамза
100 кг дейін: Ермұхан Естай
Әйелдер:
48 кг дейін: Сымбат Тағай
+78 кг: Толқын Тұрсынақынова.
Айта кететін жайт, Еуропа кубогы 28-29 наурыз күндері өтеді. Сондай-ақ, өткен аптада Қазақстан құрамасы Варшавада өтен Еуропа кубогын 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен жалпы командалық есепте 5-орынмен аяқтаған болатын.