Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Баходир Жалолов бастаған өзбек боксшылары «Ордабасыға» қолдау көрсетті

20.03.2026, 22:03

Кездесу Шымкентте өтті.

Баходир Жалолов бастаған өзбек боксшылары «Ордабасыға» қолдау көрсетті
«Ордабасы» ФК

Футболдан «Ордабасы» мен «Қайсар» клубтарының кездесуінде бокстан Қазақстан және Өзбекстан құрамалары Шымкентке келіп, қолдау көрсетті. 

Олардың қатарында Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толкин Киличев, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай, әлем чемпиондары Махмұд және Төрехан Сабырхандар, Санжар Тәшкенбай бастаған танымал спортшылар болды. 

Белгілі болған дерек бойынша, матч алдында жасыл алаңға шаршы алаңның саңлақтары шығып, көпшілік оларға құрмет көрсеткен. Сонымен бірге, «Ордабасы» клубының жаңа иесі атанған Шахмұрат Мүтәліп те жанкүйерлер алдына шықты. 

Айта кетейік, ел чемпионатының кезекті турында «Ордабасы» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» 2:0 есебімен жеңді. Ойында бірінші голды 13-минутта Дмитар Митков соқса, 16-минутта Антич есепті еселеп, командасының жеңісін нықтай түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам