Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке Петропавлдан пәтер берілді

23.03.2026, 20:59

Спортшыға үш бөлмелі пәтер сыйға берілді
 

Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке Петропавлдан пәтер берілді
әлеуметтік желі

Италияда өткен Паралимпиада ойындарында алтын және қола жүлде иеленген Ербол Хамитовке облыс орталығынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді.
 
Петропавлда қысқы спорт түрі бойынша тоғыз спортшыға халықаралық ареналарда жоғары нәтиже көрсеткені үшін құрмет көрсетілген.

Олардың қатарында XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов бар. Сонымен бірге, Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алған Кристина Шумекова да баспаналы болды.

Бұл ретте Ербол Хамитовке үш бөлмелі пәтер табысталса, Надежда Морозоваға екі бөлмелі пәтер беріп отыр. Ал Шумековалар отбасына үш бөлмелі пәтер кілті тапсырылған. Сондай-ақ, бірнеше спортшы мен жаттықтырушыларға ақшалай сертификаттар ұсынылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам