Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалында сүрінді

Бүгін, 18:33

Біріншілік Бішкекте өтіп жатыр. 

Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Азия чемпионатының жартылай финалында сүрінді
ҚР ҰОК

Грек-рим күресінен 87 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов шешуші сында қырғызстандық Асан Жанышовқа есе жіберді. Осылайша, отандық бозкілем шебері құрлық біріншілігінің қола жүлдесі үшін сынға түсетін болады.

Нұрсұлтан Тұрсынов бүгін іріктеу кезеңін ширек финалдан бастап, Сынхван Лиді 7:1 есебімен жеңген еді.

Белгілі балуан бұған дейін Азия чемпионаттарында 4 рет финалға шығып, бір мәрте чемпион атанған. Бұдан бөлек қола жүлдегер деген атағы бар.

Сонымен бірге ширек финалда сүрінген Қаһарман Қисметов жұбаныш белдесуіне шығатын болды. Себебі жерлесіміз есе жіберген қырғыз балуаны Ақжол Махмудов финалға жолдама алды.

Бүгін 55, 63, 77, 130 келіде күрескен ҚР ұлттық құрамасының балуандары жартылай финалға шыға алмады.

Айта кетейік, аталған Азия чемпионатына күрес түрлерінен ҚР ұлттық командасының балуандары толық құраммен қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам