Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Балуан қыздарымыз Азия чемпионатының финалына шыға алмады

Бүгін, 17:33

Олар қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды. 

Балуан қыздарымыз Азия чемпионатының финалына шыға алмады
Жанкелді Қаржан

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия біріншілігінің жартылай финалына шыққан Қазақстан әйелдер құрамасының екі балуаны есе жіберді.

50 келіде Марал Тәңірбергенова финалға шығар жолда Токио Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юи Сусакимен кездесті. Алайда отандасымыз қарымды қарсыласқа қарсы күресте 8:0 есебімен жеңілді. Енді ол қола жүлде үшін Үндістан/Қытай балуандары жұбының жеңімпазымен күресетін болады.

Гүлмарал Еркебаева (76 кг) жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энх Амармен белдесуде 7:2 есебімен жеңіліп, финалдан тыс қалды. Отандасымыз енді қола жүлде үшін Оңтүстік Корея спортшысымен кездеседі.

Сонымен бірге, грек-рим құрамасының балуаны Ербол Камалиев Азия чемпионатын бесінші орынмен аяқтап, жүлдесіз қалды. 60 келіде бозкілемге шыққан қазақстандық спортшы ирандық қарсыласына 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңілді.

Енді грек-рим күресінен Қазақстан балуандары 3 салмақта жүлде үшін сынға түседі. Олардың арасында Алматбек Аманбек (72 кг) финалда Иран спортшысымен құрлық чемпионын анықтаса, Ибрагим Магомадов (82 кг) пен Ислам Евлоев (97 кг) қола жүлдені сарапқа салады.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам