8-10 мамыр аралығында Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді
Қазақстан дзюдо федерациясы Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
8-10 мамыр аралығында елордада өтетін беделді жарысқа 50-ден астам қазақстандық дзюдошы қатысады. Ұлттық құраманың көшбасшылары Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова бұл жолы да турнирге қатыспайды.
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Париж Олимпиадасындағы тарихи жеңісінен кейін татамиге шыққан жоқ. Парижден оралған соң ол шетелге ағылшын тілін үйренуге кеткен. Кейін бірнеше ота жасатып, ұзақ уақыт оңалту курсынан өтті. Дзюдошы соңғы рет наурызда Таразда ем қабылдаған болатын. Соған қарамастан, Сметов 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отыр.
Ал әлем чемпионаттары мен Азия ойындарының жүлдегері Абиба Әбужақынова да бұл жолы құрамға енген жоқ. Наурыз айының соңында ол ұлттық құрама мүшесі Ермахан Ануарбековпен некелесетінін жариялаған еді. Спортшының күйеу жігіті де турнир тізіміне кірмеген.
Соған қарамастан, Абиба келесі Олимпиада цикліне дайындықты жалғастыратынын және 2028 жылғы ойындарға қатысуды көздейтінін мәлімдеген.
Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамы:
Ерлер:
60 кг дейін:
Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы.
66 кг дейін:
Ғұсман Кыргызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев.
73 кг дейін:
Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин.
81 кг дейін:
Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов.
90 кг дейін:
Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев.
100 кг дейін:
Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов.
+100 кг:
Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев.
48 кг дейін:
Аяна Дүйсенбай, Диана Бүркеева, Інкәр Құралбай, Тасним Абдуали.
52 кг дейін:
Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева.
57 кг дейін:
Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Каракенова, Дина Мұханбет.
63 кг дейін:
Самалай Ерғалиева, Есмигүл Куюлова, Дәмеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова.
70 кг дейін:
Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова.
78 кг дейін:
Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева.
+78 кг:
Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш, Назгүл Маратова.