Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Елдос Сметов татамиге қайта оралды

Бүгін, 17:05

Дзюдошы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің көркін қыздырды

Елдос Сметов татамиге қайта оралды
Сали Сабиров, Қазақстан дзюдо Федерациясының баспасөз қызметі

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Олимпиада ойындарынан кейін алғаш рет татамиге шығып, Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің көркін қыздырды.

Дзюдо жанкүйерлері сағына күткен саңлақтың елорда татамиінде төбе көрсетуі — біз үшін үлкен мәртебе. Әсіресе, ұлы Омар Бақтыбаймен бірге кілемге шығып, көпшілікке ерекше әсер сыйлаған сәті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2024 жылы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде иеленіп, Париж Олимпиадасына қажетті рейтингтік ұпай жинаған еді. Араға уақыт салып, енді ол осы татамиге Олимпиада чемпионы ретінде қайта оралды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам