ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Марат Байқамұров Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Ол финалда Молдова өкілі Гимбовчи Вадимнен басым түсті

Дзюдо федерациясы
Дзюдо федерациясы

Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты.

100 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Марат Байқамұров финалда Молдова өкілі Гимбовчи Вадимнен басым түсіп, турнир чемпионы атанды.

Айта кетсек, Марат Байқамұров 2025 жылғы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлдегер атанған болатын. Биыл ол өз нәтижесін жақсартып, алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын жүлде түсіп, тарих жаңартылды. Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында алғаш рет екі күн қатарынан чемпион шықты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам