Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ауыр атлетика: Александр Уваров Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

15.05.2026, 23:11

Ол жұлқа көтеру сайысында 165 кг зілтемірді көтерді

Ауыр атлетика: Александр Уваров Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды
t.me/DRSQazaqstan

Үндістанның Гандинагар қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.

Ерлер арасында -88 кг дейінгі салмақтағы отандасымыз Александр Уваров жұлқа көтеру сайысында 165 кг зілтемірді көтеріп, 3-орын алды. Бұл оған өз кезегінде осы сынның қола медалін иеленуге мүмкіндік берді.

Осыдан кейін Ұлттық құрама спортшысы серпе көтеру бағдарламасында 200 кг көрсеткішпен 4-сатыдан көрінді.

Ал жалпы есепте Александр 365 кг (165+200) нәтижемен 5-орын алды. Осы салмақта тағы бір отандасымыз Әлібек Рахымберді 9-сатыда.

Бұл Қазақстан командасының осы сары құрлық бәсекесіндегі бірінші жүлдесі. Жарыс 18 мамырда мәресіне жетеді. Алдағы күндері Мейрам Сұлтан (111 кг) ел намысын қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам