ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Ташкентте алтын медаль жеңіп алды

15.05.2026, 10:22

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында қарсыластарынан басым түсті

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Ташкентте алтын медаль жеңіп алды
ҰОК

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде топ жарды.

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында қарсыластарынан басым түсті. Жарыс барысында Бекмұхамбетова алты матч өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Финалда жергілікті спортшы Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 есебімен (11:7, 11:3, 11:7) ұтты. Қазіргі таңда Жәния Бекмұхамбетова әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам