Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстандық балуандар Моңғолияда 12 медаль жеңіп алды

Бүгін, 10:36

Қазақстан құрамасы жарысты 12 медальмен аяқтады

Қазақстандық балуандар Моңғолияда 12 медаль жеңіп алды
UWW

Ұлан-Батырда (Моңғолия) күрес түрлерінен өткен рейтингтік халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасы жарысты 12 медальмен аяқтады.

Еркін күрестен Асыл Айтақын (61 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) және Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды. Ал Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Шамсат Таир (79 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Грек-рим күресінен Нұрасыл Аманалы (97 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Еркебұлан Ардақов (63 келіге дейін) пен Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер күресінде Нилуфар Раимова (57 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам