Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде бірінші орынға көтерілді

Бүгін, 09:32

Отандасымыз FIDE Circuit рейтингінің көш басына шықты

Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде бірінші орынға көтерілді
әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева FIDE әйелдер арасындағы Circuit рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Халықаралық шахмат федерациясы жаңартылған рейтингті Norway Chess 2026 турнирінен кейін жариялады. Асаубаева Норвегиядағы беделді жарыста чемпион атанып, жалпы есебін 51,30 ұпайға жеткізді. Осы нәтиже отандасымызға әлемдік тізімде көш бастауға мүмкіндік берді.

Екінші орынға Қытай өкілі Чжу Цзиньэр жайғасты. Оның еншісінде 39,83 ұпай бар. Үздік үштікті Үндістан шахматшысы Вайшали Рамешбабу 29,70 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, Norway Chess Women 2026 турнирінде Асаубаева 16,5 ұпай жинап, бірінші орын алған еді. Екінші сатыға Чжу Цзиньэр, үшінші орынға Анна Музычук тұрақтады.

Ал ерлер арасындағы FIDE Circuit рейтингінде көш басында Өзбекстан өкілі Нодирбек Абдусатторов тұр. Одан кейін Жавохир Синдаров пен америкалық Фабиано Каруана орналасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам