Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бибісара Асаубаева Ресей атынан шығуына не себеп болғанын түсіндірді

Бүгін, 08:18

Шахматшы 12-15 жас аралығында Ресейдің атынан халықаралық жарыстарға қатысқан

Бибісара Асаубаева Ресей атынан шығуына не себеп болғанын түсіндірді
әлеуметтік желі

Қазақстанның белгілі шахматшысы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева өзінің не себепті бір кезеңде Ресей атынан өнер көрсеткенін түсіндіріп, бұл шешімнің астарында қаржылық емес, жеке жағдайлар жатқанын мәлімдеді.

Шахматшы бұл туралы Telegram-арнасында жариялаған жазбасында айтып, соңғы күндері өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап берді.

Асаубаеваның сөзінше, ол 12 мен 15 жас аралығында Ресейдің атынан халықаралық жарыстарға қатысқанымен, Қазақстан азаматтығынан ешқашан бас тартпаған. Спортшының айтуынша, сол кездегі шешімге қаржылық қолдау емес, оның кәсіби дамуына кедергі келтірген отбасылық жағдайлар себеп болған.

«Мен бала кезімде, 12 жастан 15 жасқа дейін Ресей атынан өнер көрсеттім. Бірақ Қазақстанға 2019 жылы, кейінгі саяси оқиғаларға дейін оралдым. Спорттық азаматтықты ауыстыруымның себебі қаржыландыру мәселесі емес еді. Менің дамуыма кедергі келтіріп, түрлі қиындықтар туғызған туған ағам болды. Ол қызметінен кеткеннен кейін Қазақстанға қайта оралып, бұл туралы ашық айттық», – деп жазды шахматшы.

Сонымен қатар әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын қорғап жүрген спортшы бұл мәселе төңірегінде айтылып жатқан пікірлердің басым бөлігі шынайы жағдайды толық білмей жасалып жатқанын атап өтті.

Бұдан бөлек, Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында ұйымдасқан түрде жазылып жатқан пікірлерге де назар аударды. Оның пікірінше, өз жазбаларының астында белсенділік танытып жүргендердің арасында боттар болуы мүмкін.

Сондай-ақ ол Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің ұстанымына қатысты сын айтып, шахматтың ел үшін маңызын төмендетуге болмайтынын жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам