Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Милад Карими Бейжіңде жарақат алып қалды

Бүгін, 16:51

Ол Қытайда өтетін спорттық гимнастикадан 2026 жылғы Азия чемпионатына қатыспайды

Милад Карими Бейжіңде жарақат алып қалды
ҰОК

Қазақстанның ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі, спорттық гимнастика шебері Милад Карими Қытайдың Цзуньи қаласында өтетін Азия чемпионатын өткізіп алады.

Бас бапкер Александр Кимнің айтуынша, спортшы жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайды.

«Милад Карими Бейжіңдегі бірлескен оқу-жаттығу жиынының екінші аптасының басында жарақат алды. Рентген түсіргеннен кейін кеуде тұсындағы қабырғасында жарық бар екені анықталды. Енді оның толық қалпына келуі үшін бірнеше апта қажет. Қатты ауырсынуды сезінбесе де, біз спортшының денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көріп, оның орнына Нұртан Идрисовты қостық. Сонымен қатар Қытайға Эмиль Ахмеджановты шақырттық. Ол қосалқы спортшы мәртебесінде болады. Әрине, бұл жағдай командаға әсер етті. Себебі Милад Азия чемпионатында Қытай, Жапония, Тайбэй және Филиппин құрамаларының әлемдік деңгейдегі көшбасшыларымен бәсекеге түсе алатын біздің жалғыз гимнасымыз еді. Ертең жарыс басталады. Құрлық біріншілігінің біз үшін қалай өрбитінін көретін боламыз», – деді Александр Ким.

Айта кетейік, енді Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

- Ильяс Азизов

- Дмитрий Патанин

- Роман Хегай

- Дияс Тойшыбек

- Нұртан Идрисов

- Эмиль Ахмеджанов

Цзуньидегі Азия чемпионаты 18-21 маусым аралығында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам