Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Алина Ажғалиева шорт-тректен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

24.02.2024, 22:18

Бұл – тарихи жетістік

Алина Ажғалиева шорт-тректен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
olympic.kz

Алина Ажғалиева жасөспірімдер арасында Польшада өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Отандасымыз Гданьск қаласында басталған әлем чемпионатында 1 500 метр қашықтық бойынша бәсекеге қатысып, финалдық кезеңге шыққан еді. Аталған сында бірінші орын мажарстандық Маджа Дора Сомодиге бұйырса, Қытай өкілі Ванью Лю қола жүлдегер атанды. Бұл сында қазақстандық атлет мәре сызығын екінші болып кесіп отыр.

Шорт-тректен Қазақстан спорты тарихында аталған күміс медаль әлем чемпионатындағы алғашқы жоғары жетістік болып саналады.

Осыған дейін Алина Әжіғалиева шорт-тректен жасөспірімдер арасында Херенвенде өткен әлем кубогында эстафеталық сында күміс жүлде алды. Құрама қатарында Алина Әжғалиева, Полина Омельчук, Анастасия Астраханцева, Зейнеп Құмарқан мен Гүлдана Жалмұхан сынға түсіп, үздіктер қатарына қосылған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам