Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Сметовтің жолы болмай жүр»: бас бапкер Олимпиадаға кімдер баратынын атады

26.02.2024, 11:40

Бапкерлер оған соңғы мүмкіндікті беріп отыр

«Сметовтің жолы болмай жүр»: бас бапкер Олимпиадаға кімдер баратынын атады
olympic.kz

Дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов Елдос Сметовке қатысты пікір білдірді. Белгілі маманның айтуынша, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегерінің спорттың бабы сыр беріп, бұрынғы жылдамдығын жоғалтқан көрінеді.

Kazinform-ға сұхбат берген маман алда өтетін Ташкент Гранд Слэміне дайындық барысы туралы айтты.

«60 келіде бәсекелестік әлем бойынша өте жоғары. Біздің құрамада Олимпиадаға барудан үмітті бірнеше спортшы бар. Соның бірі – Елдос Сметов. Ол біздің сүйікті әрі аса сыйлы спортшымыз. Қазақстан дзюдошылары арасында ең жоғары жетістікке жеткен балуан. Оның осыған дейін Олимпиада, Азия Ойындары, әлем, Азия чемпионаттарындағы жетістігі көпшілікке үлгі екені даусыз. Алайда 32 жастағы спортшының жылдамдығы бұрынғыдай емес. Себебі, Сметов осыған дейінгі 6 ірі турнирдің барлығында дерлік есе жіберді. Бұл Елдос үшін көп нәрседен хабар береді. Алда Ташкентте өтетін Гранд Слэм бәсекесіне қатысатын спортшылар тізіміне ол енді. Өзбек астанасындағы дода отандасымыз үшін табысты болады деп сенеміз», - деді бас бапкер.

Елдос Сметов 2022 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. Одан кейін бірнше жарысқа қатысқан танымал дзюдошысының татамиде жолы болмады. Ол өзі қатысқан жарыстардың барлығында іріктеу кезеңдерінде есе жіберіп, жүлдеден тыс қалды.

Айта кетін жайт, Сметов 2020 жылы Токиода өткен Олимпиада Ойындарында екінші рет жүлдегер болған еді. Одан кейін 66 келіге ауысқанымен, еш нәтижеге қол жеткізе алмады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам