Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

26.02.2024, 15:06

Ол Назарбаевтың күйеу баласын алмастырды

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
vRinge.com

Астанада өткен Ұлттық Олимпиада комитетінің бас қосуында белгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин аталған ұйымның президент болып сайланды.

Ол бұған дейін ҰОК президенті болған белгілі олигарх Тимур Құлыбаевты алмастырды. 2015 жылдан бері комитетке басшылық жасаған Назарбаевтың күйеу баласы осылайша әлемдік мегажұлдызға орнын беріп отыр.

Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан бірнеше тұжырым бойынша әлем чемпион атанған спортшы. Ол 2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ, Азия ойындары және әлем чемпионатының жеңімпазы.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ҰОК президенті лауазымына Мәжіліс депутаты, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыхановты лайық деп танып, бірнеше адам жазба жариялаған еді. Олардың қатарында Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған Садық Мұстафаев, белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев сынды азаматтар бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт