Геннадий Головкиннің ҰОК-дегі командасы белгілі болды

27.02.2024, 01:28

Команда құрамында Асқар Мамин де бар

Геннадий Головкиннің ҰОК-дегі командасы белгілі болды
olympic.kz

Ұлттық Олимпиада комитетіне Геннадий Головкин президент болып сайланғаннан кейін оның командасы белгілі болды. Комагнда құрамында белгілі спортшылар мен Қазақстандағы ең бай адамдар еніп отыр.

ҰОК бас хатшысы болып GGG командасының пиар менеджері, бұған дейін ҰОК-нің баспасөз қызметіне жетекшілік еткен Жанар Өтешева тағайындалды.

Жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент - Данияр Әбілғазин, ҚР үстел теннисі федерациясы ҚБ президенті;

Қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент - Асқар Мәмин, ҚР хоккей федерациясының президенті;

Жалпы сұрақтар бойынша вице-президент - Ербол Мырзабосынов, спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы;

Паралимпидалық спорт түрлерін дамыту бойынша вице-президент - Серік Сәпиев, бокстан Лондон олимпиадасының чемпионы; 

Спортшылар комиссиясының өкілдері - Ольга Рыпакова, Лондон олимпиадасының чемпионы, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері, Рио олимпиадасының қола жүлдегері.

Ұлттық федерация өкілдері:

Данияр Ахметов, ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті;

Дмитрий Баландин, жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы.

Гаджи Гаджиев, ҚР ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті;

Қуанышбек Есекеев, ҚР дзюдо федерациясының президенті;

Диас Сүлейменов, ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының президенті;

Болат Өтемұратов, ҚР теннис федерациясының президенті;

Әлия Юсупова, ҚР гимнастика федерациясының президенті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов