ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақстан U20 әлем чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады

Бүгін, 13:05

Қазыбек Қалмағамбетов алтын медаль иеленді

Қазақстан U20 әлем чемпионатын бір алтын медальмен аяқтады
ҰОК

Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында грек-рим күресінен бәсекелер аяқталды.

Қазақстан құрамасы бұл додада бір медаль жеңіп алды.

67 келіге дейінгі салмақта белдескен Қазыбек Қалмағамбетов алтын медаль иеленіп, өз салмағында үздік атанды.

Медальдар есебінде Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды үш алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған Ресей құрамасы иеленді. Әзірбайжан екінші орынға ие болды (1 алтын, 1 күміс, 3 қола). Үшінші орынды Армения мен Өзбекстан бөлісті. Олардың еншісінде бір алтын, бір күміс және екі қола медальдан бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам