ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азия ойындарында Қазақстан туын алып шығады

Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Қазақстан делегациясын бастап шығады

ҰОК
ҰОК

Спортшылар шеруінде Қазақстанның көк туын дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова ұстайды.

Елдос Сметов – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс және 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері. Сондай-ақ оның қоржынында әлем чемпионаты мен 2014 жылғы Азия ойындарының алтын медальдары бар.

Сарвиноз Миркадирова – Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол WTT Feeder санатындағы халықаралық турнирлерде жүлдеге ие болған, сондай-ақ, әлем және Азия чемпионаттарына қатысқан.

Азиада-2026 ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді. ХХ жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам