Отандасымыз әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан үздік нәтиже көрсетті
Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Аичи және Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз әйелдер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей уақытқа жарыста үздік нәтиже көрсетіп, мәреге 36 минут 23,72 секундта жетті.
Екінші орынды Қытай өкілі Чжан Хао иеленді. Оның нәтижесі – 36:28.40. Ал Оңтүстік Корея спортшысы Син Джиын 36:56.14 көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды.
Осылайша, Рината Сұлтанова Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алып, ел қоржынының алтын есебін ашты.
Бұл – қазақстандық велошабандоздың екінші Азия ойындары. Бұған дейін Ханчжоуда өткен додада ол жекелей уақытқа жарысудан қола жүлде иеленген еді.
Рината Сұлтанованың бұл жолғы жеңісі оның Азиададағы нәтижесін бір саты жақсартып, Қазақстан құрамасына алғашқы жарыс күнінің өзінде алтын медаль әкелді.