Финалдық бәсекеде Софья Берульцева Таиланд өкілі Маниаан Бутсуванды 8:0 есебімен жеңді
Софья Берульцева Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасына төртінші алтын медальді сыйлады.
Каратэден +68 келі салмақтағы финалдық бәсекеде Софья Берульцева Таиланд өкілі Маниаан Бутсуванды 8:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осылайша, отандасымыз Азия ойындарындағы екінші чемпиондық атағына қол жеткізді.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасының Аичи-Нагоядағы Азия ойындарындағы жүлделер саны алтыға жетті. Оның ішінде алтын медальдарды тас жолдағы велоспорттан Рината Сұлтанова, Алексей Луценко, каратэден Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева жеңіп алды.
Ал қола жүлдеге триатлоннан Арлан Жаңабай және қазіргі бессайыстан Қазақстанның ерлер құрамасы ие болды.1413:42