Өзбекстандық теннисшілер 3:2 есебімен жеңіске жетті
Қазақстан әйелдер құрамасы үстел теннисінен Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында үшінші кездесуін өткізді.
Командалық жарыстың үшінші матчында Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездесті.
Бес кезеңге созылған тартысты ойында өзбекстандық теннисшілер 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша олар ширек финалға өтті. Ал біздің ұлттық құрама командалық жарыста өнер көрсетуін аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін Оңтүстік Кореядан 3:0 есебімен жеңілсе, Мальдивті 3:1 есебімен жеңген еді.